Футболдан Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің бірінші ойынында Польшамен тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Футболдан Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің бірінші ойынында Польшамен тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін "Астана Арена" стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Ойын барысында қазақстандық футболшылар екі доп айырмасымен жеңіліп жатқан еді.
Бірінші тайм поляктардың басымдығымен өтті. Есеп тоғызыншы минутта-ақ ашылды. Жартылай қорғаушы Бартош Капустка көзге түсті.
Ал 18-ші минутта командалар арасында текетірес болды, оның барысында Роберт Левандовски мен Сергей Малый ескерту алды.
31-ші минутта Аркадиуш Милик қақпа бағанасына дәл тигізді. Ал 35-ші минутта поляктар екінші голды соқты. Қорғаушы Елдос Ахметов айып алаңында Левандовскиді құлатты. Поляк ойыншысы 11 метрлік айып добын сәтті орындады - 0:2. Сөйтіп, бірінші тайм осы есеппен аяқталды.
Ал екінші таймда Қазақстан құрамасының футболшылары есеп айырмасын қысқартып, кейін тіпті де тең есепке жеткізді. 51-ші минутта Сергей Хижниченко бірінші голын соқса, 58-ші минутта дубль тіркеді.
Қалған уақытта екі команда да қауіпті сәттер ұйымдастыра білді, қазақстандықтар да, поляктар да допқа сенімді иелік ете бастады. Мәселен Якуб Блащиковски 84-ші минутта штангаға тигізді.
Осылайша, Қазақстан мен Польша 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бір-бірден ұпай алды. Сонымен қатар, қазақстандықтар бірінші рет поляктармен тең ойнады - осыған дейін бұл командадан құрамамыз үш рет жеңілген болатын.