ӘЧ-2026 өткізуге таласуды жоспарлап отырмыз - ҚФФ президенті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ӘЧ-2026 өткізуге таласуды жоспарлап отырмыз - ҚФФ президенті ©Tengrinews.kz мұрағатынан

ҚР Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Қазақстанның 2026 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге өтінім беруді жоспарлап отырғаны туралы хабарлады, - деп жазады Vesti.kz "Спорт-Экспресс" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Қазақстанның 2026 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге өтінім беруді жоспарлап отырғаны туралы хабарлады, - деп жазады Vesti.kz "Спорт-Экспресс" басылымына сілтеме жасап.

"Ондай жоспар бар. Қазір еліміздің басшыларынан кеңес алып, өз мүмкіндіктерімізді саралап жатырмыз. Экономикамыз қарқынды өсіп, еліміз дамып келеді, сондықтан неге өткізбеске? Біз 2022 жылғы Қысқы олимпиаданы өткізгіміз келеді, одан кейінгі жоспарда - ӘЧ-2026 үшін күресу", - деп мәлімдеді Қожағапанов. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның 2026 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге өтінім бере алатыны хабарланған болатын. Бұл туралы өткен жылы желтоқсанда Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан 2026 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге өтінім бере алады. "Қазірдің өзінде Қазақстан қандай да бір ауқымды шараны өткізуге таласа алатын жағдайға жетті. Ол Еуропа чемпионаты немесе Чемпиондар лигасының ойындары мен Еуропа лигасы болуы мүмкін", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети