13 желтоқсан 2014 | 18:36

Әділбек Жақсыбеков ҚФФ президенті қызметінен кету себебін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет vechastana.kz сайтынан алынды Сурет vechastana.kz сайтынан алынды

Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясы президенті қызметінен кету туралы өз шешімін түсіндіріп берді деп хабарлайды Vesti.kz. Ол бұл қызметті 2007 жылдың тамызынан бері қарай атқарып келген.


Иконка комментария блок соц сети

Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясы президенті қызметінен кету туралы өз шешімін түсіндіріп берді деп хабарлайды Vesti.kz. Ол бұл қызметті 2007 жылдың тамызынан бері қарай атқарып келген.

"Көп нәрсе терең, тыңғылықты жұмысты талап етеді. Шынын айтқанда, мен бұған қатты мән берген емеспін. Вице-президенттермен, бас хатшылармен ортақ стратегияны талқылағанда немесе қандай да бір дау-дамай болса, менің араласуыма тура келетін. Бұл түсінікті де. Мысалы, мен қорғаныс министрі болдым. Мен үнемі футболда жұмыс істеп жүре алмаймын ғой. Ал қазір аймақтық деңгейде жұмыс істеп жатырмын, бұл мүддеге де қайшы келеді. Онсыз да "Астананың" сырттан қолдаушылары бар, "Астана" мүддесін лоббилейді, "Астанаға" айырықша жағдай жасайды деген секілді алып-қашпа сөздер жетерлік. Кім не десе де шындығында олай болған емес. Тіпті биыл да "Астана" чемпион болды, оған ол лайықты та деп санаймыз, бірақ "Астананы" өзгелерге қарағанда көбірек қолдады деген секілді пікірлер айтылып қалып жүр" деді Жақсыбеков журналистермен болған кездесуінде. Ол туралы мына арадан оқи аласыздар.

Алдында Жақсыбековтің Қазақстан футбол федерациясы президенті қызметінен кететіндігі белгілі болған. Ол бұл қызметке Ерлан Қожағапановты тағайындауды ұсынған.

Еске сала кетелік, Әділбек Жақсыбеков 22 қарашада Астана әкімі боп тағайындалған.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети