Әділбек Жақсыбеков ҚФФ президенттігіне үміткер атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Жақсыбеков ҚФФ президенттігіне үміткер атанды © Тұрар Қазанғапов

Аймақты футбол федерациясы Әділбек Жақсыбековті Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президентігіне үміткер ретінде ұсынды. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлап отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аймақты футбол федерациясы Әділбек Жақсыбековті Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президентігіне үміткер ретінде ұсынды. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлап отыр.

Ұсынысты бүгін, 18 қаңтар күні ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожинмен онлайн-конференция кезінде аймақты футбол федерациясының өкілдері жасады. Жақсыбековтың кандидатурасы бірауыздан мақұлданды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

10 ақпан күні Астанада ҚФФ-ның кезектен тыс конференциясы өтеді. Осы отырыс барысында федерацияның жаңа президенті тағайындалады. ҚФФ-ның бұған дейінгі президенті Сейілдә Байшақов болса қаңтардың басында отставкаға кеткен болатын.

Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков бұған дейін 2007 және 2014 жылдар аралығында ҚФФ-ны басқарған болатын. Қазір 63 жастағы саясаткер Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметін атқарып келеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети