Адвокат Лесли Стовалл америкалық Кэтрин Майорга "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудан зардап шеккен жалғыз әйел емесін айтады, - деп хабарлайды Daily Mail.
Адвокат Лесли Стовалл америкалық Кэтрин Майорга "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудан зардап шеккен жалғыз әйел емесін айтады, - деп хабарлайды Daily Mail.
"Осындай жағдайға түскенін айтып, қоңырау шалған тағы бір әйел бар", - дейді Стовалл. Адвокат зардап шеккен екінші әйелдің атын айтпады. Алайда ол әйел футболшыдан зорлық көргені туралы Лас-Вегас полициясына ақпарат беретінін айтты.
28 қыркүйекте Майорга алғаш рет ресми түрде Роналдуды айыптады. Бұл оқиға 2009 жылы Лас-Вегаста болған-мыс. Әйелдің айтуынша, спортшы кейін оған өтемақы ретінде 375 мың доллар төлеген.
Роналду бұл айыптауларды мойындамады және онымен соттаспақ. Майоргамен соттасу кезінде футболшы Португалия құрамасының алдағы матчтеріне қатыса алмайды.