Ағылшын футболшылары чемпионат кезінде теңізге шомыла алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ағылшын футболшылары чемпионат кезінде теңізге шомыла алмайды Ұлыбритания ойыншылары. ©Sports.ru

Футболдан Ұлыбритания құрамасының жетекшілігі ойыншыларына әлем чемпионаты кезінде теңізге шомылуға тыйым салды, - деп хабарлайды Утро.ру ағылшын бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Ұлыбритания құрамасының жетекшілігі ойыншыларына әлем чемпионаты кезінде теңізге шомылуға тыйым салды, - деп хабарлайды Утро.ру ағылшын бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Ағылшын ұлттық құрамасының басшылары мұндай тыйымды футболшылардың вирустық инфекцияларды жұқтырып алмауы үшін енгізіп отыр. Англия командасы жайғасатын отель жағажайлы ауданда. Соған қарамастан, футболшыларға теңізге түсуге рұқсат берілмейді. 

Дегенмен команда жетекшілері ойыншылардың бассейндерде шомылуына тыйым салып отырған жоқ. 

Бұған дейін бұл команданың 1400-ден астам жанкүйерінің чемпионат кезінде Бразилияға кіргізілмейтіні хабарланған еді. Ұлыбритания билігі өкілдерінің мәліметінше, бұл адамдар - осы уақытқа дейін футбол кездесулері кезінде бұзақылық жасап, істі болғандар. Еске сала кетейік, футболдан әлем чемпионаты Бразилияда 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді. Жылдың басты спорттық бәсекесі Сан-Паулу қаласында салтанатты жағдайда ашылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети