19 мамыр 2014 | 10:33

"Ақтөбе" айылын тартар емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pfl.kz сайтынан Фото pfl.kz сайтынан

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында он екінші турдың ойындары өтіп, ел біріншілігінің екінші айналымы басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында он екінші турдың ойындары өтіп, ел біріншілігінің екінші айналымы басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл турда көпшілік назары Ақтөбедегі матчқа ауған болатын. Теңбіл доп мамандары осы турдағы ең қызықты ойын осы болады деп күткен еді. Бірақ "Ақтөбе" Қарағандыдан келген қонақтарын тас-талқан қылып, үстемдік танытты. Әрі 29 ұпаймен басты бәсекелестерінен қара үзді.

Биылғы маусымда ала-құла ойын өрнегін көрсетіп жүрген "Шахтер" Ақтөбеде ойсырай ұтылып қана қоймай, бесінші орынға бір-ақ сырғыды. Қоржынында – 20 ұпай ғана.

"Астана" өз алаңында оңтүстіктен келген "Ордабасыны" ұта алмай, пұшайман болды. Елордалықтар сол бұрынғысынша 22 ұпаймен екінші орында тұр. Бірақ көшбасшы ұзап, ізін басқан бәсекелестері тым жақын қалды. "Ордабасы" да өз орнын сақтап қалды. Шымкенттіктер 15 ұпаймен жетінші орынды меншіктеп алған.

"Қайсар" қайран қалдырып, тамсандыруын қояр емес. Бұл турда түзде "Таразды" тізерлетіп, үш ұпай олжалады. 21 ұпаймен үшінші орынға көтеріліп, көшбасшылар қатарына қосылды. Ал "Тараз" 11 ұпаймен 11-орында тұр.

"Қайрат" та қарқынын үдетіп, жеңісін жеңіске жалғап келеді. Бұл жолы "Жетісу" клубынан бірінші турдағы есесін қайтарып, 20 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.

Маусым басындағы қарқынын жоғалтып алған Талдықорған клубы 13 ұпаймен тоғызыншы орынға табан тіреді.
"Ертіс" көш соңындағы "Спартакты" қабылдап, әлімжеттік жасады. Жауапсыз бес гол соғып, ірі жеңіске қол жеткізді. Әрі 14 ұпаймен екі саты жоғарылып, 8-орынға көтерілді.

Бірақ павлодарлықтардың бұл қуаныштарын бір келеңсіз оқиға су сепкендей басты. Клуб басшылары қапелімде соққыға жығылып, ешкім ешнәрсенің байыбына бара алмай қалды.

Ал "Спартак" – сол баяғысынша көш соңында. Кейінгі турларда өз қақпасына бес голдан жіберуді әдетке айналдырған шығысқазақстандықтардың еншісінде – үш ұпай ғана.

Қостанайда "Тобыл" мен "Атырау" тең түсіп, ұпай бөлісті. Әрине, алаң иелері бір ұпайға риза емес. Өйткені Қостанай клубы бір саты төмендеп, 13 ұпаймен 10-орынға жылыстады. "Атырау" болса, 17 ұпаймен алтыншы орында тұрақтап қалғанын көңілге медеу тұтады.

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. ХІІ тур.

"Ақтөбе" – "Шахтёр" (Қарағанды) – 4:0
Голдар: Неко, 30 (1:0). Мирошниченко, 63 (2:0). Гейнрих, 65 (3:0). Пиззелли, 87 (4:0).

"Астана" – "Ордабасы" (Шымкент) – 1:1
Голдар: Жолшиев, 18 (1:0). Диакате, 26 (1:1).

"Тараз" – "Қайсар" (Қызылорда) – 0:1
Гол: Хунт, 89.

"Қайрат" (Алматы) – "Жетісу" (Талдықорған) – 2:1
Голдар: Сиссей, 19 (1:0). Лачны, 85 (2:0). Р.Сариев, 90+2 (2:1).

"Ертіс" (Павлодар) – "Спартак" (Семей) – 5:0
Голдар: Юрин, 13 (1:0). Дудченко, 21 (2:0). Чичулин, 38-пенальтиден (3:0). Аяғанов, 41 (4:0). Коробов, 90 (5:0).
Азовский («С») 38-минутта алаңнан қуылды.

"Тобыл" (Қостанай) – "Атырау" – 0:0

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети