"Ақтөбе" футбол клубына 55 жыл толды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақтөбе" футбол клубына 55 жыл толды

21 тамыз, өткен жексенбіде Қазақстандағы ең атақты футбол клубтарының бірі – "Ақтөбе" 55 жылдығын атап өтті. Жарты ғасыр ішінде клуб Қазақстанның бес дүркін чемпионы, бірінші лиганың екі дүркін чемпионы, Қазақстан республикасы Суперкубогының үш дүркін жеңімпазы және Қазақстан кубогының иегері атанды. Клуб өз жетістіктерімен қатар ең белсенді жанкүйерлерімен де мақтана алады.

"Ақтөбе" футбол клубы туған күнінде қаланың бас стадионында футболдан Қазақстан чемпионатының 13-туры аясында шымкенттік "Ордабасымен" кездесті. Ойын 3:1 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына аяқталды.

"Ақтөбе" өз тарихында көп нәрсені басынан өткерді. Қаржылық қиындықтар, Бірінші лигаға өтуі команданың даңқ шыңына қайта оралуына кедергі болмады. 2020 жылы "Ақтөбе" Премьер-лигаға қайта оралып, биыл турнир кестесінің бірінші сатысында тұр. Қазақстанның бес дүркін чемпиондары алдымызға барынша мақсат қойып отырғаны қуантады. Команда жақын арада ақ-қызыл отбасына чемпиондық кубокты қайтарып, жанкүйерлерін қуанта беретініне сенімді.

Мереке күні стадионда шоу-бағдарлама, жанкүйерлердің қойылымы, отшашу және т.б. болды.

Tengrinews
Ақтөбе қаласы ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети