13 маусым 2014 | 14:34

"Ақтөбе" жаңа ойыншыларына 200 мың еуродай қаржы жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото fc-aktobe.kz сайтынан Фото fc-aktobe.kz сайтынан

"Ақтөбе" футбол клубы құрамын күшейту үшін төрт жаңа ойыншымен келісім-шартқа отырып, 200 мың еуроға жуық қаржы жұмсады, деп хабарлайды Tengrinews.kz аталған клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Ақтөбе" футбол клубы құрамын күшейту үшін төрт жаңа ойыншымен келісім-шартқа отырып, 200 мың еуроға жуық қаржы жұмсады, деп хабарлайды Tengrinews.kz аталған клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кеше Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов клуб басшыларымен, бапкерлерімен және футболшыларымен кездесті. Бұл кездесу ел чемпионатындағы біраз үзіліс кезінде "Ақтөбе" клубының сапында жүзеге асқан өзгерістерге арналды.

Облыс басшысы команда құрамын нығайтып отыру жұмыстары жыл бойы жүргізілетіндігіне тоқталып өткен. Мұндай кездесудің өтуінің өзі облыстық футбол клубының аймақ басшысының жіті назарында екенін аңғартатындай.

Жазғы трансферлік кезең осыдан екі күн бұрын ғана басталған. Яғни Қазақстан премьер-лигасындағы командалар өздеріне қажет емес футболшыларымен есеп айырысып, құрамын жаңа ойыншылармен толықтыра алады.

Әзірше "Ақтөбе" клубы белсенділік танытуда. Екі ойыншысымен, атап айтқанда, Өзбекстан шабуылшысы Александр Гейнрихпен және қақпашы Жасур Нарзикуловпен қош айтысты. Облыс әкімі екеуінің де "Ақтөбе" клубына елеулі еңбек сіңіргендігін атап өтіп, алғыс жолдап, екеуіне де ақ жол тілепті.

Содан соң өз қолымен жаңа ойыншыларға жейделерін табыс еткен. Олар – Бразилия қорғаушысы Андерсон Сантана, Украина шабуылшысы Алексей Антонов, қақпашы Алмат Бекбаев және жартылай қорғаушы Евгений Лёвин.

Антонов Одессаның "Черноморецінен" келді. Бразилияның бірнеше клубында, Ресейдің "Терегінде" және Португалияның "Виториясында" доп тепкен Андерсон Сантананың да соңғы клубы осы Одессаның "Черномореці" болған. Ал Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Лёвин бұған дейін Шымкенттің "Ордабасы" клубында доп қуған болатын.

Бұдан соң облыс әкімі журналистер мен жанкүйерлерге арнап, маңызды ақпарат берген. Жаңадан алынған ойыншылардың қайсыбірулерінің трансферлік сомасы миллиондаған қаржы болса да (әртүрлі еуропалық сайттарда 1,5-1,8 миллион еуро аралығында деп көрсетілген), жаңа ойыншылардың барлығына 200 мың еуроға жуық ақша жұмсалғандығын баса айтқан.

Содан соң Архимед Бегежанұлы биылғы басты мақсат Еурокубоктардың топтық кезеңіне шығу екендігін шегелеп айтып өткен: Минимум – Еуропа лигасы, максимум – Чемпиондар лигасы.

Сондай-ақ Қазақстан чемпионатында топ жарып, ел кубогында жоғары нәтиже көрсету керек екендігі де күн тәртібінен алынбағандығын да тілге тиек еткен.

Сонымен "Ақтөбе" құрамын күшейте түсті. Бас бапкері Владимир Никитенко үш "майданда" да (Еурокубок, ел чемпионаты және кубок додасы) бар күш-жігерлерін сала ойнап, өз мақсаттарына жетуге тырысатындықтарына сендіріп отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети