Әлем футболының жұлдыздары "Жұлдыздар матчына" қатысу үшін Алматыға келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлем футболының жұлдыздары "Жұлдыздар матчына" қатысу үшін Алматыға келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оңтүстік астанамызға түнгі рейспен Луиш Фигу, Фабио Каннаваро, Паоло Мальдини, Алессандро Неста, Андрей Шевченко, Хавьер Санетти, Кларенс Зеедорф, Эдгар Давидс, Йенс Леманн, Франческо Тольдо, Дуайт Йорк, Кристиан Вьери, Кристиан Пануччи, Сержиньо және өзге де футбол жұлдыздары келді.
"Әуежайда әлем футболы жұлдыздарын бірнеше адамнан құралған жанкүйерлер тобы қарсы алды, жолы болған кейбір жанкүйерлер өзінің сүйікті ойыншыларының қасына барып, суретке түсті", - деп хабарлайды "Қайрат" ФК клубының баспасөз қызметі. Тіпті кейбір жанкүйерлер әлем футболының жұлдыздары мінген автобусты қонақ үйге дейін шығарып салған екен. Бірақ, футболшылар жанкүйерлермен кездесуге шықпаған. "Оның орнына футболшылар бірден кешкі ас ішуге кетті - бүгін футболшылар үшін ауыр күн болды, сондықтан да олар жақсылап дем алып алуы керек", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 60 жылдық мерейтойын атап өткелі жатқан алматылық команда тарихта қаларлықтай кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Әлем жұлдыздарымен жолдастық кездесу 26 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында өтеді. "Жұлдыздар кездесуде" ардагер ойыншылардан қолтаңба алуға, естелік суретке түсуге мүмкіндік бар. Футболшылардан бөлек, бұл шараға клуб жетекшілері қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін және әлемнің танымал жұлдыздарын шақырады. Әлем футболының жұлдыздарына қарсы шығатын "Қайрат" құрамын мына жерден көре аласыз.