Қазнетте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын қолдау флешмобы басталды. Қазақ футболшылары бүгін Ұлттар лигасы турнирі аясында Грузия құрамасымен кездеседі. "Астана Аренада" өтетін ойын жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады. Қазақстан - Грузия кездесуін QazSport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Қазақстан құрамасы D дивизионына түсті, онда еліміздің ойыншыларына қарсы Грузия, Латвия және Андорра футболшылары өнер көрсетеді. Ұлттар лигасының 6 қыркүйектен 20 қараша аралығында өтеді. Турнир тарихындағы бірінші ойын Астанада өтеді.
Қазақстан құрамасы D дивизионына түсті, онда еліміздің ойыншыларына қарсы Грузия, Латвия және Андорра футболшылары өнер көрсетеді. Ұлттар лигасының 6 қыркүйектен 20 қараша аралығында өтеді. Турнир тарихындағы бірінші ойын Астанада өтеді.
Қазақстан құрамасын қолдау флешмобына қатысушылар әлеуметтік желідегі парақшаларына #МЫВМЕСТЕ #АЛҒАҚАЗАҚСТАН #БІЗБІРГЕМІЗ хэштегтерімен фото мен видеоларын жүктеуде. Бұл қолдау шарасына Massaget.kz, Tengrinews.kz және Vesti.kz сайттарының редакциялары қосылды.
Ұлттық құраманы қолдау шарасына бірге қатысайық! Сурет пен видеоларыңызды #АЛҒАҚАЗАҚСТАН #БІЗБІРГЕМІЗ #МЫВМЕСТЕ xэштегтерімен жариялап, жүктесеңіздер болғаны.
Флешмобқа Жұлдыз FM радиосы да қатысты. Ұлттық құрамаға Ұлттар лигасында жеңіс тіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бүгін біздің команда Ұлттар лигасында алғашқы ойынға қатысады. #АЛҒАҚАЗАҚСТАН" - деп жазды "Қазақстан" телерадиокорпорациясының төрағасы Ерлан Қарин..
Қолдау флешмобын QazSport телеарнасының директоры Павел Цыбулин де қолдады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Magnum Cash & Carry сауда желісі Instagram желісінде бауырсақ жеп тұрған үш жанкүйердің суретін салып, өз қолдауларын білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram