Талдықорғанда Демель Боти Гоа Тирольен Орфее есімді футболшының "Жетісу" клубынан шығарылуына байланысты сот процесі басталды. Осы жылдың маусым айында талдықорғандық футбол клубы бір жақты тәртіпте легионермен арадағы келісім шартты бұзған, әлбетте экс-форвард бұған наразы болған, - дейді Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Наразы болған ол адвокат жалдап сотқа арыз берген. Алайда футболшының өзі сот процесіне қатыса алмады, себебі оны жұмыс визасының мерзімі бітіп, елден шығарылған.

Кот-Д'Ивуар елінің азаматының құқығын сотта Есімбол Мамырқанов қорғайтын болады. Оның айтуынша, футболшы жұмыстан заңсыз босатылғанына байланысты оны қайта орнына қайтарып, екі жақты келісім шарт бойынша 4 миллион 920 мың теңге жалақыны әр ай сайын алып тұру тиіс.
"Жетісу" клубының өкілі Нұрболат Құдайбергенұлы сотта жауап беруші ретінде Алматы облысының әкімін шақыртуды сұраған (Клуб құрылтайшысы облыс әкмі). Арыз берушінің адвокаты істің көпке созылып кетенін байқап, құрылтайшыларды шақыртуға қарсы шықты.
"Сот мырза, футболшылар келісім шартты футбол клубымен жасады, сондықтан мен процесске құрылтайшыларды шақыруға негіз тауып тұрғаным жоқ", - деді адвокат.
Сот клуб өкілінің айтып отырған қажетті құжаттар мен футболшының жалақысын растайтын анықтамаларды алып келуін талап етті. Сонымен қатар 15 қазанда өтетін келесі процесске куәгер ретінде клубтың бас директорын және Алматы облысы еңбек инспекциясының қызметкерлерін шақыруды талап етті.
13 сәуірде Демели Боти "Астана" командасымен өткен ойында жарақат алған, сол кезден бастап клуб жетекшілері мен футболшы арасында түсінбестіктер басталған. Ол еліне барып ота жасаған. Оған үш ай бойы физикалық күш түсірмеу керектігі айтылған. Ол ойнап жүрген командасына келгенде командадан шығып қалғанын естіген.