21 қыркүйек 2017 | 14:50

Алматылық әйел "Қайрат" футболшысын сот арқылы алимент төлеуге міндеттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әйел "Қайрат" шабуылшысы Ж.Г.-ны баласын асырау үшін алимент төлету мақсатында сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ футболшы қарсы арыз берді, ол алимент мөлшері табысының 1/14 бөлігін беру жайында талап қойды. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әйел "Қайрат" шабуылшысы Ж.Г.-ны баласын асырау үшін алимент төлету мақсатында сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ футболшы қарсы арыз берді, ол алимент мөлшері табысының 1/14 бөлігін беру жайында талап қойды. 

Алматы қалалық соты Tengrinews.kz сауалына жауап ретінде, қазақстандық әйел сот отырысында футболшымен мәмілеге келгенін жазды. Мәмілеге келу шарты мынадай болды: жәбірленуші қыз өз арызын қайтарып алады, ал легионер әйелге жазған қарсы арызынан бас тартты. 

"Екі жақ олардың ортақ баласы арыз берушімен тұруына келісім берді. Арызданушы мекен-жайын ауыстырған жағдайда алдын ала хабарлауға тиіс. Жауап беруші, баламен бірге тұрмаса да онымен байланыс орнатуға, тәрбиелеуге атсалысуға оның білім алуы және басқа да мәселелер бойынша шешім шығаруға құқығы бар. Жауап беруші баланың кәмелетке толғанға дейін әр айдың 10-на дейін 3 000 АҚШ долларын арыз берушінің есеп шотына жіберіп тұрады. Мәмілеге келу екі жақты шешілді және заңға қайшы емес", - деді Алматы облыстық сотының өкілдері. 

Сот шешімі бойынша екі жақ мәмілеге келді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети