04 желтоқсан 2018 09:12

"Алтын доп" иегері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© UA-Football © UA-Football

Мадридтік "Реалдың" әрі Хорватия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич France Football журналының жыл қорытындысы бойынша үздік футболшыға берілетін "Алтын доп" жүлдесін алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Мадридтік "Реалдың" әрі Хорватия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич France Football журналының жыл қорытындысы бойынша үздік футболшыға берілетін "Алтын доп" жүлдесін алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлем бойынша журналистердің дауыс беру қорытындысында Модрич бірінші орын алды. Жүлде Парижде өткен арнайы салтанатты шарада табысталды.

"Алтын доп-2018" дауыс беруінде екінші орынды Португалия құрамасы мен "Ювентустың" форварды Криштиану Роналду алды, үшінші орын Франция құрамасының сапында әлем чемпионы атанған, қазірде "Атлетикода" ойнайтын Антуан Гризманнға бұйырды. Төртінші орын ПСЖ-лық француз Килиан Мбаппеде, бесінші орынға "Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси тұрақтады.

Модрич 2018 жылы "Реал" сапында қатарынан үшінші рет Чемпиондар лигасында чемпион атанып, кейін Хорватия құрамасында әлем чемпионатының финалына тұңғыш рет жетіп, турнирдің үздік футболшысы атанған. Тамызда хавбек УЕФА нұсқасы бойынша Еуропаның үздік футболшысы атанып, ал қыркүйекте ФИФА нұсқасы бойынша маусымның үздік ойыншысына берілетін The Best жүлдесін алған.

Модрич - Хорватия тарихында тұңғыш рет барлық нұсқа бойынша үздік футболшыға берілетін жүлделерді иеленген адам.

Et le vainqueur du #ballondor 2018 est… Luka Modric !   pic.twitter.com/OhgLykPRpc

Сондай-ақ, гала-кездесуде France Football нұсқасы бойынша ең үздік жас футболшыға берілетін алғашқы Коп Трофи жүлдесін Мбаппе алды. Бұл жүлде атауы Франция құрамасының аңыз форварды Раймон Коптың құрметіне қойылып отыр. 

Congratulations Kylian Mbappé (@KMbappe), the first ever winner of the Kopa Trophy! #kopatrophy #ballondor pic.twitter.com/fI1TCkaEBQ

France Football нұсқасы бойынша әйелдер арасындағы үздік футболшы анықталды. Тұңғыш рет беріліп отырған бұл жүлде француздың "Лион" клубында ойнайтын 23 жастағы Ада Хегербергке бұйырды. Бұл команданың сапында ол әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасында үшінші рет қатарынан жеңімпаз атанған. 

Айта кетейік, 2010-2015 жылдар аралығында ФИФА мен France Football басылымы бір жүлдені бірігіп беріп келген, кейін олар әріптестігін тоқтатқан. "Алтын доп" жүлдесі 1956 жылдан бастап беріліп келеді, оның бірінші иегері - ағылшын Стэнли Мэтьюз. 

Ал 2008-2017 жылдар аралығында ФИФА мен France Football нұсқалары бойынша үздік ойыншы жүлдесі Роналду мен Мессиге беріліп келген.

"Алтын доп-2018" дауыс беру қорытындысы:

1. Лука Модрич (Хорватия, "Реал")
2. Криштиану Роналду (Португалия, "Ювентус", жазға дейін - "Реал")
3. Антуан Гризманн (Франция. "Атлетико") 
4. Килиан Мбаппе (Франция, ПСЖ)
5. Лионель Месси (Аргентина, "Барселона")
6. Мохамед Салах (Мысыр, "Ливерпуль")
7. Рафаэль Варан (Франция, "Реал")
8. Эден Азар (Бельгия, "Челси") 
9. Кевин де Брюйне (Бельгия, "Манчестер Сити")
10. Харри Кейн (Англия, "Тоттенхэм")
11. Нголо Канте (Франция, "Челси") 
12. Неймар (Бразилия, ПСЖ)
13. Луис Суарес (Уругвай, "Барселона")
14. Тибо Куртуа (Бельгия, "Реал", а до лета - "Челси")
15. Поль Погба (Франция, "Манчестер Юнайтед")
16. Серхио Агуэро (Аргентина, "Манчестер Сити)
17. Гарет Бэйл (Уэльс, "Реал")
18. Карим Бензема (Франция, "Реал")
19-21. Роберто Фирмино (Бразилия, "Ливерпуль"), Иван Ракитич (Хорватия, "Барселона"), Серхио Рамос (Испания, "Реал")
22-24. Эдинсон Кавани (Уругвай, ПСЖ), Садио Мане (Уругвай, "Ливерпуль), Марсело (Бразилия, "Реал")
25-28. Алиссон Беккер (Бразилия, "Ливерпуль", жазға дейін - "Рома"), Марио Манджукич (Хорватия, "Ювентус" , Ян Облак (Словения, "Атлетико"), Диего Годин (Уругвай, "Атлетико")
29-30. Иско (Испания, "Реал"), Уго Льорис (Франция, "Тоттенхэм").

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети