Америкалық футбол жұлдызы 25 жасында қаза болды

Мұхтар Жәмішжанов
Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық футбол жұлдызы 25 жасында қаза болды ©kartinkin.net

Ұлттық футбол лигасындағы (NFL) "Аризона Кардиналс" клубының ойыншысы Джефф Глэдни көлік апатынан қаза болды, - деп хабарлайды ESPN.


Ұлттық футбол лигасындағы (NFL) "Аризона Кардиналс" клубының ойыншысы Джефф Глэдни көлік апатынан қаза болды, - деп хабарлайды ESPN.

Қайғылы оқиға дүйсенбіде Даллас округінде (Техас, АҚШ) болған. Жол апатынан Глэднидің көлігінде болған қыз да қаза тапты.

Алдын ала ақпарат бойынша, NFL ойыншысы қатты жылдамдықпен алда келе жатқан көлікті қағып кетті. Көлікті басқара алмай қалған ол тосқауылға соғысты, көлік аударылып кетті. Басқа көліктің жолаушылары зардап шеккен жоқ.

Глэдни биыл наурызда Аризонамен келісімшартқа отырған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети