Андорраны ірі есеппен жеңген Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андорраны ірі есеппен жеңген Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады © footboom.kz

Андорраны ірі есеппен жеңген Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде бір саты көтерілді. Тізім бүгін, 25 қазанда ұйымның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андорраны ірі есеппен жеңген Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде бір саты көтерілді. Тізім бүгін, 25 қазанда ұйымның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізім жаңартылғанға дейінгі қорытынды кезеңде Станимир Стойлов жаттықтыратын команда екі матч өткізген. Ұлттар лигасының топтық кезеңінде қазақстандық футболшылар 13 қазанда Латвия құрамасымен қонақта ойын өткізді (1:1), ал үш күннен кейін өз алаңында Андорраны ойсырата ұтқан - 4:0.

Жаңартылған тізімде Қазақстан 117-орында. Осылайша, еліміздің құрамасы бір саты ғана жоғарылады.

Қазанда өткен халықаралық матчтерден кейін Бельгия құрамасы әлемдік рейтинг көшбасшысы болды, олар Франция құрамасынан бір ұпайға артық жинады. Мұның алдында белгиялықтар мен француздар бірінші орынды бөлісіп тұрған еді. Мұнымен қоса, алғашқы ондықта Англия құрамасы Уругвайды басып озып, бесінші орынға жайғасты.

25 қазандағы ФИФА рейтингі:
1 (1). Бельгия - 1733 ұпай,
2 (1). Франция - 1732,
3 (3). Бразилия - 1669,
4 (4). Хорватия - 1635,
5 (6). Англия - 1619,
6 (5). Уругвай - 1617,
7 (7). Португалия - 1616,
8 (8). Швейцария - 1598,
9 (9). Испания - 1594,
10 (10). Дания - 1584,
...117 (118). Қазақстан - 1166.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети