Рио-де-Жанейроның әділет юстициясы мадридтік "Реалдың" және Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Роберто Карлосқа үкім шығарды, - деп хабарлайды "Р-Спорт" сайты Marca порталына сілтеме жасап.
Рио-де-Жанейроның әділет юстициясы мадридтік "Реалдың" және Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Роберто Карлосқа үкім шығарды, - деп хабарлайды "Р-Спорт" сайты Marca порталына сілтеме жасап.
Спортшы екі баласына үш ай бойы алимент төлемеуден жалтарған.
2002 жылы әлем чемпионы болған 44 жастағы Карлос бірнеше рет үйленген және жақында тоғызыншы баланың әкесі атанды. Бұрынғы некесінен туған балалрға ол жалпы 20 000 доллар қарыз болып отыр. "Реалдың" Азия мен Океянидағы елшісі болып келетін Карлос қаржылай қиындықтар көоіп отырғанын алға тартты.
Аstroawani.com порталының мәліметі бойынша, судья Майя де Кастро бұрынғы футболшының қарызды бөліп төлеу ұсынысын қабылдамаған. Ал спортшының адвокаты мәселе түрмеге қамау жазасынсыз шешілетінін айтқан болатын.
Роберто Карлос - Чемпиондар лигасында 100 аса рет ойнаған 19 футболшының бірі. Карлос жылдамдығымен және алыстан соққы жасау өнері арқылы танымал болды.
Ұзақ жылдар бойы соққы күші бойынша рекорд иесі болып келді - сағатына 198 шақырым. Кейін бұл рекордты германиялық футболшы Лукас Подольски жаңартты - сағатына 201 шақырым.