"Ақтөбе" Чемпиондар лигасын Тбилисидің "Динамосымен" бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақтөбе" Чемпиондар лигасын Тбилисидің "Динамосымен" бастайды Фото uefa.com сайтынан

Бүгін Ньонда футболдан Чемпиондар лигасының алғашқы електік екі сатысының жеребесі тартылды. Қазақстан чемпионы "Ақтөбе" Тбилисидің әйгілі "Динамосымен" кездесетін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Ньонда футболдан Чемпиондар лигасының алғашқы електік екі сатысының жеребесі тартылды. Қазақстан чемпионы "Ақтөбе" Тбилисидің әйгілі "Динамосымен" кездесетін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші сатысында алты жұп қана додаға түседі. "Ақтөбе" биылғы Чемпиондар лигасы додасына екінші електік кезеңнен қосылады.

Негізі, екінші електік сатыдағы командалардың бәрі үш топқа бөлінген болатын. "Ақтөбе" соның біріншісінде БАТЭ (Беларусь), "Марибор" (Словения), "Маккаби" (Тель-Авив, Израиль), "Шериф" (Молдова) сынды азулы клубтармен бір себетте болды.

Алайда ақтөбеліктер осы бірінші топтың екінші себетіндегі ең әйгілі клубқа тап болды. Ал екінші себетте Грузия чемпионынан басқа "Скендербеу", "Зриньски", "Сутьеска" және бірінші електік кезеңнен өткен бір клуб болған еді.

Енді, басқа амал жоқ. Тек ойнау керек. "Ақтөбеге" бұйырғаны Грузия клубы болды. Шежіресі қандай бай болсын, Тбилисидің "Динамосын" жеңу керек.

Бірінші ойын 15 немесе 16 шілде күні Тбилисиде өтеді. Қарымта матч 22 немесе 23 шілде күні Ақтөбеге белгіленген.

Жалпы, Чемпиондар лигасының бүгін Ньонда тартылған жеребесі төмендегідей болды:

Бірінші саты (1/2 және 8/9 шілде)

ФК "Санта-Колома"(AND) – "Бананц" (ARM)
"Линкольн" (GIB) – "Торсхван" (FRO)
"Ла-Фиорита" (SMR) – "Левадия" (EST)

Екінші саты (15/16 және 22/23 шілде)

БАТЭ (BLR) – "Скендербеу" (ALB)
"Маккаби" (Тель-Авив, ISR) – "Санта-Колома"(AND)/"Бананц" (ARM)
"Динамо" (Тбилиси, GEO) – "Ақтөбе" (KAZ)
"Зриньски" (BIH) – "Марибор" (SVN)
"Шериф" (MDA) – "Сутьеска" (MNE)
"Спарта" (Прага, CZE) – "Ла-Фиорита" (SMR)/"Левадия" (EST)
"Мальме" (SWE) – "Вентспилс" (LVA)
"Слован" (Братислава, SVK) – ТНС (WAL)
"Селтик" (SCO) – КР "Рейкьявик" (ISL)
"Клифтонвилл" (NIR) – "Дебрецен" (HUN)
"Партизан" (SRB) – "Линкольн" (GIB)/"Торсхван" (FRO)
"Легия" (POL) – "Сент-Патрикс" (IRL)
"Работнички" (MKD) – ХИК (FIN)
"Динамо" (Загреб, CRO) – "Жальгирис" (LTU)
"Лудогорец" (BUL) – "Дюделанж" (LUX)
"Валлетта" (MLT) – "Карабах" (AZE)
"Стремсгодсет" (NOR) – "Стяуа" (ROU)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети