"Ақтөбе" мен "Легия" ФК жанкүйерлері төбелесіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақтөбе" мен "Легия" ФК жанкүйерлері төбелесіп қалды ©voxpopuli.kz

"Ақтөбе" футбол клубы мен польшалық "Легияның" Еуропа лигасы аясындағы кездесуі қарсаңында жанкүйерлер арасында төбелес болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.  Фанаттар Ақтөбенің орталығында өзара жанжалдасқан. "Ақтөбенің" жанкүйерлер тобы - "13-сектор" жағынан төбелеске 30-35 адам, қонақтар тарапынан 20 адам қатысқан.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Еске сала кетейік, "Ақтөбе" мен "Легия" кездесуі бүгін, 21 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де басталады. Оны KazSport арнасы көрсетеді. Букмекерлер бұл кездесуде қазақстандық команда қарсыласымен тең ойнайды деп отыр. Болжам бойынша қонақтардың жеңуі екіталай. "Олимп" кеңсесі ойынның 3:0 есебімен "ақтөбеліктердің" пайдасына шешілуі ең ықтимал емес жағдай деп болжады, оның коэффиценті - 30-ға тең.

Поляк клубының бас бапкері Хеннинг Берг қазақстандық клубпен болатын екі кездесудің оңайға соқпайтынын айтты. "Біз "Ақтөбені" мейлінше құрметтейміз. Олар "Стяуа" мен "Динамоға" қарсы ойындарда өздерін жақсы көрсетті. Бұл команда жоғары деңгейде ойнай алады. Біздің де дайындығымыз жақсы", - деді ол.

Еске сала кетейік, мұның алдында "Ақтөбе" ФК Чемпиондар лигасы кездесуінде румыниялық "Стяуадан" ұтылған болатын. Бухарестегі ойын 2:1 есебімен аяқталды. "Ақтөбе" үшін жалғыз голды Тимур Кападзе соқты. Ал өз алаңында "ақтөбеліктер" 2:2 есебімен тең түскен еді. Сөйтіп, "Стяуа" 4:3 деген жалпы есеппен жеңіп шықты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети