"Ақтөбенің" бұрынғы қақпашысы клубты сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақтөбенің" бұрынғы қақпашысы клубты сотқа берді Андрей Сидельников. Фото "Ақтөбе" ФК сайтынан

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельников "Ақтөбе" футбол клубын сотқа берді. Бұл туралы "Диапазон" хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельников "Ақтөбе" футбол клубын сотқа берді. Бұл туралы "Диапазон" хабарлады. 

Қақпашының арызын қалалық сот қарап жатыр. Футболшы бұрынғы клубынан 25 миллион 592 мың теңге өндіріп алмақ. Бұл сомаға жалақы бойынша қарыз, мерзімінен кешіккені үшін өсімақы және қолданылмаған еңбек демалысының өтемақысы кіреді. 

"Ақтөбе" ФК-мен бірге Сидельников Қазақстан чемпионатында үш рет топ жарып, екі мәрте күміс және қола медальдар иеленді. Ойыншы мансабын 2018 жылы қаңтарда аяқтаған болатын. 

Айта кетейік, "Ақтөбе" үстінен шағым түсірген жалғыз Сидельников емес. Биыл ақпанда ФИФА нигериялық қорғаушы Айоделе Аделейенің алдындағы қарызы үшін "Ақтөбеден" алты ұпай алып тастаған. 

Кейін клубтың бұрынғы форварды Неманья Николичтің арызынан соң федерация "Ақтөбеден" тағы үш ұпай алды. 

Уалихан Қосанбай

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети