17 сәуір 2014 19:08

Арно Пайперс Қазақстаннан екінші рет кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретте – Арно Пайперс. Фото: fctaraz.kz Суретте – Арно Пайперс. Фото: fctaraz.kz

Бүгін "Тараз" футбол клубы голланд маманы Арно Пайперспен екеуара келісімшартты бұзып, қош айтысқанын ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін "Тараз" футбол клубы голланд маманы Арно Пайперспен екеуара келісімшартты бұзып, қош айтысқанын ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Былтырдан бері "Тараз" футбол клубын жаттықтырған Арно Пайперс екі жақты келісім бойынша 17 сәуірде өз қызметінен кетті. Әрі өзі жалғыз емес, бауыры Питер Пайперспен бірге тағы да сенім үдесінен шыға алмай, Қазақстаннан екінші рет кетуге мәжбүр болды. Естеріңізде болса, Арно Пайперс 2005-2008 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған.

Бұл жолы Пайперстердің Тараз топырағынан кетуіне жергілікті футбол клубының биылғы маусымды өте сәтсіз бастауы себеп болып отыр. Тараздықтар алғашқы алты ойында төрт рет жеңіліске ұшыраған болатын. Ең сорақысы, өз алаңында Қарағандының "Шахтерінен" 1:5 есебімен күйрей ұтылып қалған. Алты ойында қақпасына 11 доп өткізіп алып, ел чемпионатында ең көп гол жіберген команда болып отыр.

"Тараз" футбол клубының ресми сайты "статистика клубтың жағдайы тығырыққа тірелгенін көрсетеді, мұндай дағдарыстан команданы шетелдік маман алып шыға алмайды, сол себепті келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу жөнінде шешім қабылданды" деп мәлімдеме жасады.

Енді бас бапкер міндетін жергілікті маман Нұрмат Мырзабаев атқарады. Ол – Жамбыл футболының түлегі. 2007 жылы ойыншы ретіндегі карьерасын аяқтап, өз клубында ("Таразда") бапкерлік жұмысқа көшкен. Соңғы жылдары бас бапкердің көмекшісі болды.

"Таразда" Мырзабаевқа өзіне жақсы таныс Нүркен Мазбаев пен Юрий Новиков көмектесетін болады. Клуб басшылығы Мырзабаевқа бір айға мүмкіндік беріпті. Егер ол осы уақыт ішінде "Таразды" тығырықтан алып шығатын болса, онда ресми түрде бас бапкер болып бекітілмек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети