Аршавин Алматыда 4,7 миллион теңгеге сауда жасағаны жайлы қауесетке қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аршавин Алматыда 4,7 миллион теңгеге сауда жасағаны жайлы қауесетке қатысты пікір білдірді © woman.ru

Биыл алматылық "Қайрат" сапында өнер көрсетіп жүрген ресейлік танымал футболшы Андрей Аршавин Алматы қаласындағы бутиктердің бірінде 4,7 миллион теңгеге сауда жасағаны жайлы қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, осыған дейін Қазнет қолданушылары белгісіз ер адамның 12 мың долларға жасаған саудасын қызу талқылаған еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл алматылық "Қайрат" сапында өнер көрсетіп жүрген ресейлік танымал футболшы Андрей Аршавин Алматы қаласындағы бутиктердің бірінде 4,7 миллион теңгеге сауда жасағаны жайлы қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, осыған дейін Қазнет қолданушылары белгісіз ер адамның 12 мың долларға жасаған саудасын қызу талқылаған еді.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Алматыдағы дүкендердің бірінен 5 миллион теңгеге жуық қаражатқа жасалған сауданың түбіртегінің суреті қызу талқыланып жатыр. Тізімнен Gucci орамалының 29 600 теңгеге сатып алынғанын, үйге киетін аяқ киімнің 120 400 теңгеге алынғанын және Armani жейдесінің 95 мың теңгеге, сонымен қатар, басқа да заттардың сатып алынғанын көруге болады. Ал "Қайрат" клубының жаңа футболшысы дәл осы уақытта қалаға келген еді. 

Tengrinews.kz тілшісі спортшымен байланысып, осы жағдайға қатысты пікірін сұрады. Телефон арқылы әңгімелесу кезінде ол тұтқаны қоя салды. Алайда Аршавин мессенджер арқылы мұндай сомаға зат алмағанын растады. "Жоқ, бұл мен емес", - деп қысқа қайырды Аршавин.

Мұның алдында дизайнер әрі фэшн-продюсер Сәкен Жақсыбаев Алматыдағы дүкендердің бірінен 4,7 миллион теңгеге сауда жасаған тұтынушының талғамы жақсы екенін айтқан болатын. "Бұл шамамен 12-13 мың доллар. Менің ойымша, Алматы мен Астанада тұратын мұндай адамдардың көбі осындай көлемдегі қаражатты жұмсай алады. Мысалы, Chanel брендінің бір костюмі 13 мың доллар тұрады. Қолтырауынның терісінен тігілген үш сөмке сатып алу үшін 100 мың доллар жұмсайтын адамдарды да білемін. Елімізде мұндай деңгейдегі адамдардың болғаны жақсы", - деді Сәкен Жақсыбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети