Аршавин "Қайрат" клубынан кету туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аршавин "Қайрат" клубынан кету туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты Андрей Аршавин. © "Астана" ФК

Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин алматылық "Қайрат" клубынан кету және мансабын аяқтау туралы шешімді қалай қабылдағанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин алматылық "Қайрат" клубынан кету және мансабын аяқтау туралы шешімді қалай қабылдағанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, қарашада Аршавин мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. "Қайрат" оның соңғы клубы болды және ол бұл клубта үш маусым ойнады. Ол қаңтардан Санкт-Петербургтағы "Зенит" құрылымындағы жұмысын бастайды. 

"Мансабымды Ресейде аяқтаймын деген ой болған емес. Керісінше, оны Қазақстанда аяқтағаныма қуаныштымын, себебі ол жақта керемет үш жылды өткіздім. Англиядан кеткенде футболдан кетуді ойлаған едім. Бұл ойлар "Зенит", кейін "Кубань" клубтарында ойнағанда да болды.

Ерте ме, кеш пе аяқтауыма тура келетінін түсінетінмін. Көпшілік ойнай алғанша ойнау керек, дейтін. Жазда "Қайрат" президентімен кездестік, клубтың болашағын талқыладық. Мен оған орнында болсам мен сияқты адаммен келісімшарт мерзімін ұзартпайтын едім дедім. Құлақ салған сияқты", - деп келтірді Аршавиннің сөзін "Матч-ТВ".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети