Аршавинге миллион доллардан аса жалақы тағайындапты. Бізге мұндай футбол керек пе - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аршавинге миллион доллардан аса жалақы тағайындапты. Бізге мұндай футбол керек пе - депутат Андрей Аршавин. © izvestia.ru

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев қазақстандық клубтарда ойнайтын футболшылар мен хоккейшілердің жалақысының көптігін айтып, наразылық білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев қазақстандық клубтарда ойнайтын футболшылар мен хоккейшілердің жалақысының көптігін айтып, наразылық білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Аршавинге миллион доллардан аса жалақы тағайындапты. Ойланыңыздар! Жылына миллионнан аса! Айына 30 мың доллар алатын легионерлер бар. Бізге мұндай футбол керек пе? Жалпы осындай спорт қажет пе? Неге бұл қаражат балалар спортына бөлінбейді? Ауладағы алаңдарды салуға неліктен жаратылмайды? Бізге баскетболдың қажеті не? Ол жаққа да аз қаражат кетіп жатқан жоқ, онда жалғыз қазақстандық бас менеджер Слава Тихоненко. Қалғандары легионерлер", - деді депутат.

Сонымен қатар, Тінікеев "Барыс" хоккей клубын мысалға келтірді. "Онда жалғыз қазақ Дамир Рыспаев, оның өзі мұз айдынына төбелесу үшін шығады. Екі хоккейші маусымдағы мәлімет бойынша жылына 1 миллион 300 мың доллардан 1,8 миллион долларға дейін жалақы алады. Төрт хоккейші 900 мың доллардан 1,3 миллион долларға дейін. Бір адам! Елестетіп көріңіздер! Неге? Бізге мұндай спорттың не керегі бар? Бұған жауап беретін адамдар шешім жасасын!", - деді ол.

Сонымен қатар, депутат өз ұсынысын айтты. "Сол хоккейден, футболдан Қазақстан чемпионатын жасайық, үздіктерді анықтайық, ойнап жүрген 10 адамның ішінде біреуі ғана қазақстандық болатын бағытқа тырыспай-ақ қояйық", - деді Тінікеев ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети