Аршавин қазақстандық балаларға тосынсый жасады

05 Маусым 2016, 11:03
0
Аршавин қазақстандық балаларға тосынсый жасады - Аршавиннің қолы қойылған доп
Аршавиннің қолы қойылған доп

"Қайрат" футболшысы Андрей Аршавин және команданың тағы басқа ойыншылары қазақстандық балаларға тосынсый жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Facebook әлеуметтік желісінде бұл шара жайлы әлеуметтік ерікті және белсенді Анна Токишева жазды.

"Қайрат" футбол клубына біздің ерекше балаларымызға керемет сйылық жасағаны үшін алғыс айтамыз! Біздің халықтық және сүйікті команда. Ойыншылардың балаларға видеоүндеуі және "Менің жаныңдамын" жобасының аясындағы қайырымдылық концертке келуі - кішкентай кейіпкерлерімізге бұл өмірде бәрі де мүмкін екенін, алынбас асудың жоқ екенін ұғынуына себеп болды. Андрей Аршавин қол қойып берген 200 доп - біз үшін ең қымбат сыйлық! Біздің ерекше балаларымыз шешуші голдарын соғып, өмірде жеңімпаз болады. Ерекше балаларымызға қолдау көрсеткені үшін рақмет, жанымызда болғандарыңызға рақмет! Балалар сахнаға шығып, чемпиондармен суретке түсіп жатты", - деп жазды ол. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай