"Астана" - "АПОЭЛ" футбол матчын 30 мыңға жуық жанкүйер тамашалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сайтына сілтеме жасап.
"Астана" - "АПОЭЛ" футбол матчын 30 мыңға жуық жанкүйер тамашалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сайтына сілтеме жасап.
"Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басысының орынбасары Е. Чупековтың айтуынша, сағат 20:00-ден бастап матч біткенге дейінгі аралықта Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран аумағында, сондай-ақ, Керей-Жәнібек хандар мен Хусейн Бен Талал көшелерінде жол қозғалысы шектеледі. Айналып өту маршруты - Орынбор көшесі", - делінген әкімдік хабарламасында.
Бұл футбол матчын тамашалауға 30 мыңнан астам жанкүйер келеді деп күтіліп отыр. Көрермендерді жинау және жеткізу үшін Астана қаласы әкімдігі бөлген арнайы автобустар қатынайды. Атап айтқанда, бұл қоғамдық көліктер "Қазақстан" спорт кешені, "Салтанат Сарайы", Елордалық цирк, "Әзірет Сұлтан" және "Нұр Астана" мешіті және Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы стадион тұрағы алдында тұрады. Сонымен қатар, №10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51 және 61 автобустары қатынайды.
Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен футбол матчы кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 2 мыңға жуық сарбазы күшейтілген режимде өз қызметтерін атқарады.
Еске сала кетейік, тамыздың 18 күні сағат 22:00-де "Астана Арена" стадионында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші футбол матчы - "Астана" мен АПОЭЛ (Кипр) арасындағы кездесу өтеді. "Астана Арена" стадионына кіру билет бойынша жүзеге асады.