"Астана" Чемпиондар лигасының бірінші матчында "Спартакты" жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" Чемпиондар лигасының бірінші матчында "Спартакты" жеңді

Футболдан Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында "Астана" Латвияның "Спартак" командасын 1:0 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Юрмалада өткен кездесуде жеңіс голын Патрик Твумаси соқты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында "Астана" Латвияның "Спартак" командасын 1:0 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Юрмалада өткен кездесуде жеңіс голын Патрик Твумаси соқты.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алға ұмтылған "Астана" алаң иелері қақпасына жиі шабуылдаумен болды. "Спартак" ойыншылары Александр Мокин қорғаған қақпаға қауіп төндіре қойған жоқ. Дегенмен бірінші 45 минутта есеп ашылмады.

Екінші таймда юрмалалық команда да жүйелі ойынымен көзге түсе бастады. Астананың бірінші таймдағыдай шабуылы көп үдемеді. Десе де Станимир Стойлов шәкірттері жеңіске бастар жолды таба білді. 73 минутта Патрик Твумасидің айып соққысынан тепкен добы алаң иелері қақпасында тулады. Футболшы бұрын ойнаған командасына құрмет ретінде соққан голына ерекше ынта танытып қуанбады.

Қос команда арасындағы қарымта ойын 19 шілде күні "Астана Арена" стадионында өтеді.

Айта кетейік, "Астана" Чемпиондар лигасына үшінші жыл қатарынан қатысып отыр. 2015/2016 жылғы маусымда кәрі құрлықтың басты додасы саналатын жарыстың топтық кезеңінде ойнады. Өткен жылы үшінші іріктеу кезеңіне дейін жетіп, Шотландияның "Селтик" командасына жол беріп алған-ды. Дегенмен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған еді. Елордалық команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған тұңғыш қазақстандық команда. Биыл да топтық кезеңге шығуды мақсат тұтып отыр.


Суреттер "Астана" клубының сайтынан

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети