"Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде румыниялық "ЧФР Клужбен" қарымта матч өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде румыниялық "ЧФР Клужбен" қарымта матч өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу румыниялық Клуж-Напока қаласында болған. Алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан чемпионы матчтың 4-минутында алға шыққан. Роман Мұртазаев допты алаң ортасында қабылдап алып, алыстан соққы жасады - гол.
Алайда бірнеше минуттан соң ЧФР таразы басын теңестіріп тастады. Гол соққан - Билель Омрани. Ал бірінші таймның ортасында Омрани тағы бір гол соғып, өз командасын алға шығарды.
73-минутта Абзал Бейсебековтің аяғына тиген доп қараусыз қалған Омраниге жеткен - футболшы тағы мүлт кетпеді.
Осылайша, "ЧФР Клуж" екі матчтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Ал "Астана" енді Еуропа лигасында бақ сынайды. Команда екінші іріктеу кезеңінде андорралық "Санта-Колома" командасымен кездеседі. Бірінші матч 25 шілдеде Андоррада, қарымта ойын 1 тамызда елордада өтеді.