03 тамыз 2017 | 09:47

"Астана" Чемпиондар лигасының келесі айналымына өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/astanafootballclub © vk.com/astanafootballclub

"Астана" командасы Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


Иконка комментария блок соц сети

"Астана" командасы Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Астана" командасы польшалық "Легиямен" қарымта кездесуінде 1:0 есебімен ұтылып қалды. Ойын Варшавадағы "Поляк жауынгерлері стадионында" өтті. 

Ойынның бірінші таймы есепсіз аяқталды. Ал екінші таймда алаң иелері шабуылдарын үдетті. Осылайша, ойынның 76 минутында хавбек Себастьян Шиманьски допты бұрыштан қорғаушы Якуб Червиньскидің басына дәл шығарып бере алды. 

Ары қарай ойынға бес минут қосылғанымен есеп өзгеріссіз қалды. Ойынның 98 минутында "Астана" қақпашысы Александр Мокин қарсыластардың шабуылын қайтарып, жарақат алып қала жаздады. Дәрігерлер қақпашыға көмек көрсетті, алайда, бұл біраз уақыт алғандықтан ойынның аяқталғанын білдіретін ысқырық 98-ші минутта болды. 

 

© vk.com/astanafootballclub

Еске салайық, "Астана" - "Легияның" алғашқы матчінде қазақстандықтар өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, қазақстандық клуб польшалықтардан жалпы 3:2 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының плей-офф раундына өтіп отыр. 

"Астананың" Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы 4 тамызда жеребе арқылы таңдалады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети