"Астана" "Динамо-Бресттен" ірі есеппен жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" "Динамо-Бресттен" ірі есеппен жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды Фото: ©"Динамо-Брест" ФК

Қазақстандық "Астана" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде беларусьтік "Динамо-Бресттен" жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық "Астана" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде беларусьтік "Динамо-Бресттен" жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жұптың жеңімпазы Брестте өткен матчтың нәтижесінде анықталды. Алаң иелері 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Ойынның шешуші сәті бірінші таймның ортасында болды - "Астана" қақпашысы Дмитрий Непогодов алты минутта үш гол жіберді. 16 және 22-минутта "Тобыл" мен "Шахтердің" бұрынғы ойыншысы, Қазақстан тумасы Михаил Гордейчук гол соқса, 17-минутта қорғаушы Кирилл Печенин көзге түсті. 

37-минутта Павел Седько қанжығасын майлап, "Динамо-Бресттің" төртінші голын соқты. Үзіліске дейін "Астана" есеп айырмасын қысқарта алды, 45-минутта хорватиялық хавбек Марин Томасов гол салды. 

Екінші таймның басында "Астана" румыниялық жартылай қорғаушы Дорин Ротариудің көмегімен есепті қысқартқан, бірақ екі минуттан кейін беларусьтік клубтың сенегалдық форварды Абдулай Диалло есепті қайта ұлғайтты. 

Матчтың соңына қарай жағдай қайталанды. 88-минутта "Астана" сапында Абзал Бейсебеков гол соқса, 90-минутта Диалло дубль жасап, матч нүктесін қойды. 

Енді "Астана" еуромаусымды Еуропа лигасында жалғастырады. Қазақстан чемпионының қарсыласы 31 тамызда жеребе рәсімінде анықталады, ал матч 17 қыркүйекте өтеді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети