12 желтоқсан 2019 17:55

"Астана" Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы матчында жеке рекордын қайталауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Астана" ФК Фото: "Астана" ФК

"Астана" футбол клубы "Партизанға" қарсы матчта еурокубоктарда жаңа жетістікке қол жеткізіп, 2017/18 жылғы маусымдағы жеке рекордын қайталауы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz


"Астана" футбол клубы "Партизанға" қарсы матчта еурокубоктарда жаңа жетістікке қол жеткізіп, 2017/18 жылғы маусымдағы жеке рекордын қайталауы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz

Белградта Роман Григорчук шәкірттері клуб тарихында еурокубоктардағы жүзінші голын соғуы мүмкін. Ол үшін командаға сербиялықтар қақпасына үш гол соғу керек. Қазір "Астананың" еншісінде 75 матчта 97 гол бар. 

Сонымен қатар, "Астана" ойыншылары алдағы ойында екі гол соқса, команданың бір маусымдағы нәтижелі соққылары бойынша рекордын қайталайды. 2017/18 жылғы еурокампанияда "Астана" 23 гол соққан. Осы маусымда қазақстандық команда 21 рет көзге түсті.  

Естеріңізге салсақ, "Астананың" Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі соңғы матчы "Партизанға" қарсы өтеді. Матч 13 желтоқсанға қараған түні Белградта болады. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де басталады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети