"Астана" Еуропа лигасында "Манчестер Юнайтедпен" ойнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" Еуропа лигасында "Манчестер Юнайтедпен" ойнайды

30 тамызда елордалық "Астана" клубының қатысуымен Монакода Еуропа лигасының топтық кезеңіне жеребе тасталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

30 тамызда елордалық "Астана" клубының қатысуымен Монакода Еуропа лигасының топтық кезеңіне жеребе тасталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Соның нәтижесінде, Қазақстанның үздік командасы ұлыбританиялық "Манчестер Юнайтед", сербиялық "Партизан" және нидерландтық "Алкмаар" командаларымен бақ сынайтыны белгілі болды.

Жеребе нәтижесі мынадай:

А тобы : "Севилья" (Испания), АПОЭЛ (Кипр), "Карабах" (Әзірбайжан), "Дюделанж" (Люксембург).

В тобы : "Динамо" (Украина), "Копенгаген" (Дания), "Мальме" (Швеция), "Лугано" (Швейцария).

С тобы : "Базель" (Швейцария), "Краснодар" (Ресей), "Хетафе" (Испания), "Трабзонспор" (Түркия).

D тобы : "Спортинг" (Португалия), ПСВ (Нидерланды), "Русенборг" (Норвегия), "Ласк" (Австрия).

E тобы : "Лацио" (Италия), "Селтик" (Шотландия), "Ренн" (Франция), ЧФР (Румыния).

F тобы: "Арсенал" (Ұлыбритания), "Айнтрахт" (Германия), "Стандард" (Бельгия), "Гимарайнш" (Португалия). 

G тобы : "Порту" (Португалия), "Янг Бойз" (Швейцария), "Фейеноорд" (Голландия), "Рейнджерс" (Шотландия).

H тобы : ЦСКА (Ресей), "Лудогорец" (Болгария), "Эспаньол" (Испания), "Ференцварош" (Мажарстан).

I тобы : "Вольфсбург" (Германия), "Гент" (Бельгия), "Сент-Этьен" (Франция), "Александрия" (Украина).

J тобы : "Рома" (Италия), "Боруссия М" (Германия), "Истанбул" (Түркия), "Вольфсберг" (Австрия).

K тобы : "Бешикташ" (Түркия), "Брага" (Португалия), "Вулверхэмптон" (Ұлыбритания), "Слован Братислава" (Словакия).

L тобы : "Манчестер Юнайтед" (Ұлыбритания), "Астана" (Қазақстан), "Партизан" (Сербия), "Алкмаар" (Нидерланды).

Топтық кезеңнің бірінші ойындары 19 қыркүйекте басталып, 12 желтоқсанға дейін жалғасады.
  
Финалдық кездесу 2020 жылы 27 мамырда Гданьск қаласында "Энерга-Гданьск" стадионында өтеді.

Айта кетейік, "Астана" Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі плей-офф раундында белорусьтің БАТЭ командасын жеңу арқылы шықты. Қазақстандық команда қатарынан бесінші рет еурокубоктың негізгі турниріне шығып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети