21 шілде 2016 | 09:35

"Астана" ФК "Селтикпен" кездеседі - Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© theoriginalwinger.com © theoriginalwinger.com

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде шотландиялық "Селтик" "Астана" ФК-ның қарсыласы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде шотландиялық "Селтик" "Астана" ФК-ның қарсыласы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші айналымда глазголық клуб екі ойынды өткізген соң гибралтарлық "Линкольнмен" шықты. Қонақта болған ойында "Селтик" (0:1) есебімен жеңілсе, өз жерінде қарсыласын ірі есеппен (3:0) ұтты. Шотландиялықтар барлық голды бірінші таймда соқты. 23-ші және 29-шы минуттар арасында Микаэль Люстиг, Ли Гриффитс және Патрик Робертс көзге түсті.

"Астана" мен "Селтик" кездесуінің бірінші ойыны 26 не 27 шілдеде Қазақстанда де өтеді. Бір апта уақыт өткен соң қарсыластар Шотландияда ойнайтын болады.

Айта кетейік, "Астана" "Селтикпен" Чемпиондар лигасында кездескелі тұрған қазақстандық екінші команда. 2013 жылы екі ойынның қорытындысы бойынша глазголық команда қарағандылық "Шахтерді" ұтқан болатын. "Астана аренада" болған ойында қонақтар (0:2) есебімен жеңіліп қалған, алайда "Селтик" өз алаңында 3:0 есебімен жеңген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети