"Астана" футбол командасы жаңа құраммен толықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Астана" футбол командасы жаңа құраммен толықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана футбол федерациясы ресми сайтының хабарлауынша, командаға жас ойыншылар қабылданды. Спортшылардың айтуынша, клубтың негізгі құрамында ойнау олар үшін - үлкен абырой және жауапкершілік. Жаттықтырушылар штабы мен команданың тәжірибелі ойыншылары жастарға бағалы кеңестері мен нұсқауларын беріп, қолдау көрсетеді.
Футболшы Михаил Голубничийдің айтуынша, жас ойыншылар өздерінің тәжірибелі әріптестерінен қалыспау үшін бар күшін салып жатыр. "Команданы қалыптастыруға шақырғаны үшін жаттықтырушылар штабына алғыс айтамын. Әрине, ересектердей жұмыс істеу үйреншікті емес, бірақ бәрінің қолынан келеді. Жастардың барлығы жүз пайыз барын салды. Жаттықтырушылар біздің жұмысымызға риза деп үміттенемін. Жасы үлкен жолдастарым да қолдарынан келгенінше қолдап, ақылдарын айтты. Мысалы, "Крылья Советов" командасымен ойында допты өткізіп алғанымда бәрі қолдау көрсетті, бұл маған сенімділік берді. Осы үшін оларға шексіз ризамын", - деді ол.
Жақында команда құрамасы іріктеуден оралды, енді олар алдағы футбол чемпионаты аясында өтетін матчтарға дайындалады.