"Астана" - "Қайрат" футбол матчіне көрермендер қалай кіргізіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" - "Қайрат" футбол матчіне көрермендер қалай кіргізіледі? © fcastana.kz

Бүгін сағат 21.00-де "Астана" - "Қайрат" арасында Қазақстан чемпионатының 13-турының орталық матчі өтеді. Бұл жолы бас санитария дәрігерінің шешімімен матчке көрермендер кіргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін сағат 21.00-де "Астана" - "Қайрат" арасында Қазақстан чемпионатының 13-турының орталық матчі өтеді. Бұл жолы бас санитария дәрігерінің шешімімен матчке көрермендер кіргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райының ыстық болуы мен эфир уақытындағы жүктемеге байланысты ойын 21.00-ге ауыстырылды. 

Матч 23 мамырда "Астана Арена" спорт кешенінің алаңында өтеді. Ойынға билет сатылымы кеше басталды. Билет бағасы 500-ден 1 500 теңгеге дейін.

"Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігерінің шешімімен медициналық регламенттің барлық шартын сақтай отырып Қазақстан чемпионатының матчіне қатысуға рұқсат етілді. Стадион 20 пайыздан артық толмауы тиіс", - деп хабарлады "Астана" ФК баспасөз қызметіндегілер.

Көрермендер Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі. Сондықтан кіреберісте көп адам жиналып қалмауы үшін қосымшаны алдын ала жүктеуге кеңес берілді. Оны орнатқан соң, тіркелу қажет. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети