"Астана" клубы "Жальгиристі" жеңіп, Чемпиондар лигасының үшінші раундына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бүгін, 20 шілдеде "Астана Арена" стадионында өткен матч 2:1 есебімен аяқталды. Жеңіс голы қосымша минутта соғылды.
"Астана" клубы "Жальгиристі" жеңіп, Чемпиондар лигасының үшінші раундына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бүгін, 20 шілдеде "Астана Арена" стадионында өткен матч 2:1 есебімен аяқталды. Жеңіс голы қосымша минутта соғылды.
Бірінші гол 31-ші минутта соғылды. "Астана" қорғаушысы Марин Аничич бұрыштамадан асырылған допты баспен қақпаға дәл бағыттады. Тайм соңына дейін есеп өзгермеді.
Ал екінші таймның басында "Астана" ойыншылары абдырап қалды. Үзілістан кейін "Жальгирис" күтпеген жерден басым бола түсіп, есепті теңестірді. 55-ші минутта жарақат алған Нөсербаев ойыннан шығуға мәжбүр болды. Ал 57-ші минутта литвалық команданың бразилиялық форварды Эливелто гол соғып кетті.
Тең ойын "Жальгиристі" келесі раундқа өткізер еді. "Астана" ойыншылары осыны түсініп, қарсылас қақпасына баса-көктеп шабуылдады. Тіпті Ненад Эрич те қарсыластардың қақпасына жақындады. Сөйтіп, қазақстандық клуб жеңіс голын соқты. Марин Аничич дубль жасады - 2:1.
Еске салайық, "Астана" мен "Жальгирис" арасындағы бірінші ойын Литвада тең есеппен аяқталған болатын (0:0). Осылайша, "Астана" өз үйінде өткізген ойын арқылы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті.
Қазақстандық клубтың келесі қарсыласы "Селтик" (Шотландия) пен "Линкольн" (Гибралтар) арасындағы қарымта матчтан кейін белгілі болады.