"Астана" клубына шетелдік жаңа бапкер келеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Михаил Билек "Астана" клубын басқаратын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Михаил Билек "Астана" клубын басқаратын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Таяу күндері чехиялық маманды ресми түрде команданың бапкері ретінде таныстырады. Онымен бірге, кандидаттар қатарында румыниялық Дан Петреску, украиналық Мирон Маркевич, ресейлік Рашид Рахимов және словакиялық Владимир Вайсс болған. 

"Астана" бас бапкері ретінде Билек Роман Григорчукты алмастырады. Осыған дейін украиналық маман клубтан кететіні айтылды, ол 2018 жылы маусым-тамыз аралығында және 2019 жылы толық маусымды атқарып шықты. 

54 жастағы Билектің басшылығымен Қазақстан құрамасы он ұпай алып, Еуро-2020 іріктеу кезеңінде соңғы орындардың бірін алды. 

Қазақстанға келгенге дейін, Билек бірнеше клубтарда істеген, Чехия құрамасын және грузиялық "Динамо" клубын басқарған. Сондай-ақ, оның басшылығымен прагалық "Спарта" 2007 жылы алтын дубль жасады, ал 2003 жылы Чехия жасөспірімдер құрамасы (19 жасқа дейін) Еурода үшінші орын алды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer