"Астана" клубының Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

© Twitter.com/EuropaLeague

"Астана" клубының Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен, "Астана" клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде "Олимпиакос", АПОЭЛ және "Янг Бойз" командаларымен кездеседі. Айта кетейік, барлық команда Еуропа Лигасының тобына Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі арқылы шыққан. 

Бірінші кездесу 15 қыркүйекте өтеді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 48 қатысушы өздерінің деңгейлеріне байланысты бөлінген. Жеребе тастау арқылы 12 топ бекітіледі, әр елден бір ғана команда бір топта бола алады. 

Еуропа Лигасында Қазақстаннан тек бір ғана клуб өткен. Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан "Астана" бұл турнирде бірінші рет ойнайды, ақтық ойында олар белорустың БАТЭ командасын екі кездесудің қорытындысы бойынша 4:2 (2:0, 2:2) есебімен жеңген. Жеребе тарту кезеңінде астаналық клуб төртінші себетте болды.

Топтық кезеңнің барлық кездесулерінің кестесі жұма күні жарияланады. Ойындар қыркүйектің 15-і мен 29-ы аралығында, қарашаның 3-і мен 24-і аралығында және 8-ші желтоқсанда өтеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама