26 тамыз 2016 02:02

"Астана" командасы БАТЭ клубын жеңіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Астана" ФК сайты © "Астана" ФК сайты

"Астана" командасы БАТЭ клубын жеңіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz


"Астана" командасы БАТЭ клубын жеңіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Беларусьтің БАТЭ командасымен қарымта кездесуінде "Астана" тең ойнады.

"Борисов-Аренанада" өткен кездесудің бірінші таймы алаң иелерінің пайдасына шешілді - 1:0. БАТЭ форварды Михаил Гордейчук 27-ші минутта есеп ашқан. 

Ал екінші таймның төртінші минутында, яғни 49-шы минутта Немания Максимович бұрыштамадан берілген допты қарсылас қақпасына баспен дәл бағыттап, есепті теңестіре білді.

Твумаси 76-шы минутта 1:2 есебімен "Астананы" алға шығарған. Кейін 89 минутта "Астана" қорғаушылары айып алаңында ереже бұзып, француз төрешісі Тони Шапран 11 метрлік айып добын белгіледі. Оны Стасевич сәтті орындап, таразы басын теңестірді. Нәтижесінде ойын 2:2 есебімен аяқталып, екі матчтың қорытындысы бойынша 4:2 есебімен "Астана" клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

 БАТЭ - "Астана" матчын тікелей эфирде "Қазақстан" телеарнасы көрсетті. Еске салайық, командалар арасындағы алғашқы ойында елордалық клуб 2:0 есебімен жеңген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети