Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

"Астана" клубының жартылай қорғаушысы "Бенфикамен" болған ойыннан кейін ауруханаға түсті

16 Қыркүйек 2015, 10:46
0
Георгий Жуков (сары киімде). © REUTERS
Георгий Жуков (сары киімде). © REUTERS

"Астана" клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Бенфика" клубымен болған ойыннан кейін ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ақпарат құралдарының мәліметінше, футболшыда аллергия пайда болған. Оны Лиссабондағы стадионнан жедел жәрдем әкетті. Дәрігерлер Жуковта анафилаксиялық шок болды деп отыр.

Еске сала кетейік, Португалияда өткен кездесуде қазақстандық клуб 2:0 есебімен жеңілді. "Бенфика" екінші таймның басында есеп ашты. 51-ші минутта аргентиналық Николас Гайтан көзге түсті. Ал тоғыз минут өткеннен кейін "Бенфика" форварды Константинос Митроглу есепті екі еселеді.

"Астана" мег "Бенфиканың" қарымта ойыны 25 қарашада өтеді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай