16 қыркүйек 2015 03:57

"Астана" Чемпиондар лигасының матчында "Бенфика" клубынан жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық "Астана" командасы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің матчында Португалияның"Бенфика" клубынан жеңілді. Лиссабонның  "Эштадиу да Луш" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен португалиялық клубтың пайдасына шешілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесудің бірінші жартысында басымдыққа алаң иелері ие болды. Алайда португалиялық клуб қауіпті сәтті тек 30-шы минутта ғана жасай білді, Жонас қазақстандық клубтың қақпасына допты дәл бағыттаған еді, Ненад Эрич соңғы сәтте оны қайтара білді. Екі клубтың да үзіліске дейін гол соғатын мүмкіндігі болды, алайда есеп ашылмады. 

"Бенфика" екінші таймның басында есеп ашты. 51-ші минутта аргентиналық Николас Гайтан көзге түсті. Ал тоғыз минут өткеннен кейін "Бенфика" форварды Константинос Митроглу есепті екі еселеді.

"Астана" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі келесі кездесуін 30 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында "Галатасарайға" қарсы өткізеді.

Фото © AFP

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети