ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 қыркүйек 2015 10:46
"Астана" клубының жартылай қорғаушысы "Бенфикамен" болған ойыннан кейін ауруханаға түсті
"Астана" клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Бенфика" клубымен болған ойыннан кейін ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ақпарат құралдарының мәліметінше, футболшыда аллергия пайда болған. Оны Лиссабондағы стадионнан жедел жәрдем әкетті. Дәрігерлер Жуковта анафилаксиялық шок болды деп отыр.
Еске сала кетейік, Португалияда өткен кездесуде қазақстандық клуб 2:0 есебімен жеңілді. "Бенфика" екінші таймның басында есеп ашты. 51-ші минутта аргентиналық Николас Гайтан көзге түсті. Ал тоғыз минут өткеннен кейін "Бенфика" форварды Константинос Митроглу есепті екі еселеді.
"Астана" мег "Бенфиканың" қарымта ойыны 25 қарашада өтеді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу