"Астана" клубының жартылай қорғаушысы жазаға тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" клубының жартылай қорғаушысы жазаға тартылды Георгий Жуков. © ppz.kz

"Астана" командасының жартылай қорғаушысына клуб басшылығы айыппұл салды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы команданың ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" командасының жартылай қорғаушысына клуб басшылығы айыппұл салды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы команданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Георгий Жуковқа әлеуметтік желіде журналистермен және жанкүйерлермен балағаттасқаны үшін тәртіптік санкция қолданылды.

"Астана" ФК басшылығының қатал ұйғарымы бойынша, ойыншы өзін мұндай жағдайда емес, футбол алаңында көрсетуі тиіс. Соңында жартылай қорғаушыға айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бельгиялық ақпарат құралдарында Жуковтың сұхбаты пайда болды, ол былай деген: "Мен Қазақстан құрамасының бапкеріне (Юрий Красножанға - Авт.) ресми мачтарда маған сеніп қалмаңыздар дедім. Ілгерілегім келеді және әзірше қай құрама үшін ойнайтынымды шешкен жоқпын. Менде екі нұсқа бар - Бельгия немесе Ресей". Осыдан кейін ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында дауға айналған сол сұхбатқа қатысты пікірін жазды, оның ойынша, егер ол Қазақстан үшін көп ойнайтын болса көптеген әлемдік чемпионаттың есігі ол үшін жабылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети