"Астана" Мальта чемпионының қақпасына бес гол соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" Мальта чемпионының қақпасына бес гол соқты © Тұрар Қазанғапов

"Астана" футболшылары Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінің бірінші матчында мальталық "Валлеттаны" тас-талқан етті, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" футболшылары Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінің бірінші матчында мальталық "Валлеттаны" тас-талқан етті, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Астана Аренада" өткен ойын 5:1 есебімен аяқталды. 

"Астана" ойынның төртінші минутында алға шығуға жақын болған, бірақ қонақтарды қақпа маңдайшасы құтқарып қалды. Бірақ араға төрт минут салып Қазақстан чемпионы алға шықты - Исландия құрамасының жартылай қорғаушысы Рунар Мар Сигурьонссон қанжығасын майлады. 

"Астананың" екінші голы 15-минутта соғылды. Бұл жолы Сигурьонссонның пасынан кейін қорғаушы Юрий Логвиненко баспен дәл ойнады. 

Матчтың 35-минутында алаң иелері үшінші голын соқты. "Астана" қорғаушысы Дмитрий Шомко допты ауттан ойынға қосып, Марин Томасовты ұрымтал тұсқа шығарған - хорват қарсыластан сытылып өтіп, "Валетта" қақпашысы Анри Бонеллоны шарасыз қалдырды. 

"Астана" төртінші голын 57-минутта соқты - Сигурьонссон дубль авторы атанды. 

Артынша "Валлетта" есеп айырмасын қысқарта алды. 67-минутта италиялық шабуылшы Пабло Фонтанелла көзге түскен. Бірақ соңғы сөз "Астана" ойыншыларында қалды. Ойынға тыңнан қосылған Кюрасао құрамасының шабуылшысы Рангело Янга матч нүктесін қойды. Қорытынды есеп - 5:1. 


© Тұрар Қазанғапов

Айта кетейік, енді қарымта матч 16 тамызға қараған түні Та-Калиде өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады. Бұл жұпта үздік болған клуб Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде беларусьтік БАТЭ мен босниялық "Сараево" текетіресінің жеңімпазымен кездеседі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети