29 тамыз 2014 | 09:50

"Астана" мен "Ақтөбе" еурокубоктық бәсекеден шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне жолдама алған қазақстандық қос клубымыз - елордалық "Астана" мен ақтөбелік "Ақтөбе" турнирдің топтық кезеңіне өте алған жоқ, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қарымта кездесуді клубтарымыз кеше, 28 тамыз күні сырт алаңда өткізді.


Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне жолдама алған қазақстандық қос клубымыз - елордалық "Астана" мен ақтөбелік "Ақтөбе" турнирдің топтық кезеңіне өте алған жоқ, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қарымта кездесуді клубтарымыз кеше, 28 тамыз күні сырт алаңда өткізді.

"Астана" футбол клубы испандық "Вильярреалға" өз алаңында 0:3 есебімен жол берген еді. Кеше Испанияда өткен қарымта ойында қазақстандық команда тағы да ойсырай жеңілді. Бұл жолы алаң иелері Владимир Логиновскийдің қақпасына жауапсыз төрт гол соғып, қос ойындағы қорытынды есепті 7:0-ге жеткізді.

Бір апта бұрын Ақтөбеде Польшаның "Легиясына" 0:1 есебімен жол берген. Өткен жылғы Қазақстан чемпиондарының да сырт алаңда жолы болған жоқ. Алаң иелері сапынан Михал Кухарчик пен Ивица Врдоляк көзге түсіп, матч 2:0 есебімен аяқталды.
Осылайша Еуропа лигасын сәтті бастаған қазақстандық клубтар жарыстың топтық кезеңіне өте алған жоқ.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети