Футболдан Еуропа лигасының екінші електік сатысындағы ойындары аяқталып, үшінші кезеңде кездесетін жұптар анықталды. Қазақстан клубтарының ендігі қарсыластары – Швеция және Хорватия клубтары, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Футболдан Еуропа лигасының екінші електік сатысындағы ойындары аяқталып, үшінші кезеңде кездесетін жұптар анықталды. Қазақстан клубтарының ендігі қарсыластары – Швеция және Хорватия клубтары, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Астана" енді АИК (Швеция) клубымен кездеседі. Осал команда емес. Швецияның 11 дүркін чемпионы. Өз елінің кубогын сегіз рет иеленген.
Стокгольм қаласының клубы биылғы Еуропа лигасы додасына екінші електік кезеңнен қосылған. Солтүстік Ирландияның "Линфильд" клубымен жолы түйісіп, түзде 0:1 есебімен ұтылып, өз алаңында 2:0 есебімен басым түсті.
Бұл команданың белді ойыншыларының бірі – Коста-Рика құрамасының 26 жастағы жартылай қорғаушысы Сельсо Борхес. Ол өз елінің ұлттық құрамасы сапында 65 ойын өткізіп, 15 гол соғыпты.
"Шахтер" үшінші електе Хорватияның "Хайдугімен" додаға түседі. Бұл клуб Югославияның 9 дүркін, ал Хорватияның 8 дүркін чемппионы. Югославия кубогын тоғыз рет, Хорватия кубогын алты рет жеңіп алыпты.
Сплит қаласының әйгілі клубы да биылғы Еуропа лигасына екінші кезеңнен қосылды. Ирландияның "Дандолк" клубымен кездесіп, түзде 2:0 есебімен жеңіске жетті де, өз алаңында 1:2 есебімен ұтылып қалды. Сірә, "келесі кезеңге шықсақ болды" деген болар...
"Астана" да, "Шахтер" де 31 шілде күні бірінші ойындарын өз алаңдарында өткізеді. Ал қарымта матчтары 7 тамызда қарсыластарының алаңында өтеді.