"Астана" командасының ойыншылары мен бапкерлер құрамы жаттығу жұмыстары алдында елорданың аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан №13, №57 мектеп оқушыларымен кездесіп, әңгімелесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Астана" командасының ойыншылары мен бапкерлер құрамы жаттығу жұмыстары алдында елорданың аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан №13, №57 мектеп оқушыларымен кездесіп, әңгімелесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында балалар "Астана" командасы ұжымынан қысқы маусымға арналған киімдерді сыйлыққа алып, өздерінің сүйікті ойыншыларымен естелік суреттерге түсті.
"Бүгін біз үшін ерекше күн. Қаламыздың 13-ші және 57-ші мектептерінде оқитын жас достармен кездесуді бұрыннан ойластырып келеміз. Бұл балалар футбол ойнауды қаншалықты жақсы көретінін, өздері команда құрап, әртүрлі турнирлер мен жарыстарға қатысып жүргенін білеміз. Барша отандастарымыз үшін үлкен мереке - Тұңғыш Президент күні қарсаңында сіздермен кездесу ұйымдастыруды ұйғардық. Бәрімізге белгілі, 1 желтоқсан - Тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш жалпыxалықтық президенттік сайлаулар күні. "Астана" футбол клубы Президент кәсіби футбол клубының құрамына енеді. Яғни, біз - үлкен спорттық жанұя мүшелеріміз. Біздің ел әрқашан xалықтың қорғаусыз қатпарларына қамқорлық жасап, әлеуметтік көмек көрсетіп келеді, бірақ, өкінішке қарай, бұл әрқашан да жеткілікті бола бермейді. Біз мұқтаждығы барларға қолымыздан келгенше көмек көрсету арқылы мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы жұмыстарына атсалысуға бел будық", - дейді "Астана" футбол клубының атқарушы директоры Қайсар Бекенов.
"Футболшылар да, бапкерлер штабы да қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін жақсы түсінеді. Біздің командада шетелдік футболшылар көп, олар қазақ жерінде ақша тауып жүргендіктен, мемлекеттің әлеуметтік жобаларына көбірек қатысуды қалайды. Бүгінгі шараны біз түрлі себептермен аз қамтылған отбасы бүлдіршіндеріне - біздің жас достарымызға арнаймыз. Балалардың біршамасы - көп балалы отбасылардан. Күннің күрт суытуына байланысты бұл балаларға жылы киімдер қажет екені түсінікті. Осындай қажеттілікті көбірек сезініп отырған отыз балаға арнап қалың киім, аяқкиім, бөкебай мен бас киімнен тұратын киімдер топтамасын алып келдік. Балалар осы киімдерді киіп қыстың қатты аязына тоңбайды, сабағын бұрынғыдан да жақсы оқиды деген үміттеміз. Киімдерді алу үшін футболшылар мен бапкерлердің өздері жеке қаржыларын бөлді. Бұл - командамыздың аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау бағытындағы мемлекеттік саясатқа қосып жатқан өзіндік үлесі. Өйткені "Астана" ФК - Президент кәсіби спорт клубының құрамында. Бүгінгі шараны еліміздің айтулы мерекесі 1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арнай өткізгелі отырмыз, - деді "Астана" бас бапкерінің ассистенті Григорий Бабаян.
Қайырымдылық іс-шараның соңында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде "SamrukKazynaTrust" әлеуметтік жобаларды дамыту фондының қолдауымен "Астана" клубының жас жанкүйерлеріне Европа Лигасы аясында өтетін Кипр чемпиондары "AПОЭЛ" клубына қарсы кездесуге билеттер сыйға тартылды.
© "Астана" клубының баспасөз қызметі