25 наурыз 2014 16:55

Астанада УЕФА Конгресі өз жұмысын бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет uefa.org сайтынан Сурет uefa.org сайтынан

Бүгін Астанада Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА-ның) кезекті XXXVIII Конгресі өз жұмысын бастады. Нақтырақ айтқанда, УЕФА Атқару комитетінің мәжілісі өтуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алаш айнасы" газетіне сілтеме жасап. Бүгін және ертең УЕФА Атқару комитетінің мәжілісі өтеді. Онда 2016 жылғы Еуропа чемпионатының ақтық кезеңі дайындығы егжей-тегжей талқыланады. Өйткені Францияда өтетін "Еуро-2016" додасының ақтық сынында бірінші рет 24 құрама ойнайды. Сондай-ақ Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Жасөспірімдер лигасы, Әйелдер арасындағы чемпиондар лигасы, футзалдан УЕФА кукбогы, 2014 жылғы УЕФА суперкубогы сынды деңгейі жоғары додалардың регламенттері қабылданады. Ал XXXVIII Конгресс 27 наурыз, бейсенбі күні өтеді. Конгресс – УЕФА-ның жоғарғы басқарушы органы. Жыл сайын өткізіліп тұрады. Оған осы УЕФА құрамына кіретін 54 мемлекеттің ұлттық қауымдастықтарының (федерацияларының) бәрінің өкілдері қатысады. Конгресс аясында УЕФА-ның барлық комитеттерінің кеңестері өтеді. Биылғы УЕФА Конгресіне ФИФА президенті Зепп Блаттер, басқа құрлықтардың конфедерацияларының басшылары және ФИФА-ның жоғары шенді тұлғалары келіп қатысуда. Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші болып, тұңғыш рет УЕФА Конгресін өз жерінде өткізуде. Әрі бұған небәрі 12 жылдың ішінде қол жеткізді. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан УЕФА құрамына 2002 жылдың көктемінде ғана енген. "Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-ның Когресті Астанада өткізуге мүмкіндік беруін өздеріне жасалған зор құрмет және сенім деп қабылдайды" дейді отандық футбол федерациясының ресми сайты. УЕФА Конгресінде көптеген мәселелер қаралады. Әуелі УЕФА президенті мен Атқару комитеті өткен маусым бойынша баяндама жасайды. Содан соң УЕФА комитеттері өз қызметтері туралы есеп береді. УЕФА-ның өткен маусымдағы қаржылай мәселелері қаралып, алдағы маусымдағы бюджеті ортаға салынады. Тіпті УЕФА Жарғысына енгізілетін өзгертулер талқыланады. Конгресс өз жұмысын аяқтаған соң УЕФА президенті Мишель Платини мен Бас хатшысы Джанни Инфантиноның қатысуымен баспасөз жиыны өткізіледі. Сонымен, 25-27 наурыз күндері Астанада дүниежүзілік футбол мамандары бас қосып, шетелдік журналистер қазақтың елордасынан шартарапқа ақпарат таратады. Еуропа мен Азияны қосып тұрған қазақ елі осылай Бейбітшілік пен Келісімнің алтын көпірі бола алады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети