"Астананы" Чемпиондар лигасына шығарған бапкер клубқа оралудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астананы" Чемпиондар лигасына шығарған бапкер клубқа оралудан бас тартты Фото: "Астана" ФК

"Астана" басшылығы болгариялық маман Станимир Стоиловты қайтаруға тырысты, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" басшылығы болгариялық маман Станимир Стоиловты қайтаруға тырысты, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Тамыздан Михал Билек елордалық клубтың бас бапкері қызметінен кеткен болатын. "Астана" оның орнына 53 жастағы Стоиловты шақырған, алайда болгариялық бапкер ұсыныстан бас тартты. Себебі ол клубтың қазіргі басшылығымен жұмыс істегісі келмейді екен.  

Стоилов "Астана" тізгінін 2014 жылы жазда ұстаған болатын. Оның жаттықтыруымен клуб Қазақстан чемпионатында қатарынан төрт рет чемпион атанған. Қазақстандық футбол тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының, екі рет рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне, сондай-ақ, турнирдің 1/16 финалына шыққан болатын. 

Болгариялық маманның соңғы жұмыс орны Қазақстан құрамасы болған, ол ұлттық командадан 2019 жылы жазда кеткен еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети