Айғай және атыс: футбол жанкүйерлері жанжал шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қарағандыда "Жеңіс" пен "Астана" командалары арасындағы футболдан кейін жанкүйерлер арасында жанжал шықты. Төбелес видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда "Жеңіс" пен "Астана" командалары арасындағы футболдан кейін жанкүйерлер арасында жанжал шықты. Төбелес видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде екі команда жанкүйерлері арасындағы жанжалдың видеосы пайда болды. Жазбада бір топ ер адамның бір-бірімен сөз таластырып жатқаны көрсетілген. Видеода атыс дыбысы да естіледі. "Жеңіс" пен "Астананың" жанкүйерлері Қарағандыда атыс шығарды, делінген видео сипаттамасында.

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер айтылған.

Жанжал туралы ақпаратқа Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, жанкүйерлер арасындағы жанжалды шешпек болған күзет компаниясының қызметкері аспанға оқ атқан. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Жеңіс" және "Астана" жанкүйерлері Қарағандыда атыс шығарды" делінген бейне әлеуметтік желілердің мониторингі барысында анықталды. Футбол матчі аяқталғаннан кейін екі команданың жанкүйерлерін автобусқа отырғызу кезінде олардың арасында жанжал туындаған. Бұзақылық әрекеттердің жолын кесу үшін күзет агенттігінің қызметкері тапаншадан ауаға ескерту ретінде оқ атқан. Зардап шеккендер жоқ. Жағдай жедел реттеліп, қоғамдық тәртіпті одан әрі бұзуға жол берілмеді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети